Ақмола облысында ер адамды пойыз қағып кетті

Фото: Pixabay.com

Ақмола облысының Макинка станциясында пойыз ер адамды қағып кетті. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды  Ozgeris.info.

ҚТЖ мәліметінше, оқыс оқиға 8 қараша күні таңертең болған.

«8 қараша күні таңертеңгі 8:45-те Макинка станциясында пойыз темір жол үстінде адам болуына байланысты шұғыл түрде тоқтауға (тежегішті басуға) мәжбүр болды. Машинист дабылды басса да, құлаққап тағып, бетперде киген ер адам оны естімеген. Ара қашықтықтың қысқа болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады», — делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.