Алматы облысы
“Ай сайын 10 мың теңге тапсыруға мәжбүрміз”: Алматы облысындағы мұғалімдер мектеп директорына шағымданды
Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылындағы Тоқаш Бокин атындағы №41 орта мектептің мұғалімдері @halyqstan Telegram-арнасына мектеп директоры Фарида Байғонысова соңғы үш жыл бойы әрқайсысынан ай сайын 10 мың теңгеден жинап келгенін хабарлады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылындағы Тоқаш Бокин атындағы №41 орта мектептің мұғалімдері үш жылдан бері мектеп директоры Фарида Байғонысова ай сайын әрқайсысынан 10 мың теңгеден жинап келгенін мәлімдеді.
Олардың айтуынша, бұл сома жүйелі түрде жиналып отырған. Процеске мектептегі әдістемелік бірлестік жетекшілері тартылып, ақша қолма-қол және банк аударымдары арқылы жиналған. Егер мұғалім бас тартса, оған моральдық қысым көрсетіліп, нәтижесінде басқа жұмыс іздеуге мәжбүр болған. Осы себеппен соңғы үш жылда мектептен кетіп қалған мұғалімдер де бар.
Редакцияға жолданған хабарламамен бірге ұстаздар чаттағы жазбалар мен ақша аударымдарының скриншоттарын да жіберді.
19 наурызда мектепке аудандық білім бөлімінің комиссиясы келіп, тексеріс жүргізген. Алайда ол тексеріс директорының кабинетінде өтіпті. Мұғалімдердің сөзінше, бөлім өкілдері З. Бақытжан мен Ш. Хасанова сауалнама жүргізгенімен, ақша жинау фактісін мүлде қозғамаған. Оның орнына жалпы жемқорлыққа қатысты сұрақтар қойылған.
Сауалнама кезінде директор Байғонысова өзі қатысып, мұғалімдерге қалай жауап беру керек екенін айтып отырған. Қысымнан қорыққан мұғалімдер мектепте жемқорлық жоқ деп жауап беруге мәжбүр болған.
Тексерістен кейін директор өз адамдарымен акт залында жиналыс өткізіп, ақша қандай мақсатпен жиналатынын түсіндірген.
Мұғалімдер тиісті органдардан мектептегі жағдайға құқықтық баға беруді сұрайды. Олар әр ұстазбен бөлек, анонимді түрде жеке сұхбат жүргізуді талап етіп отыр. Егер қауіпсіздік қамтамасыз етілсе және қысым жасалмаса, әр мұғалім ай сайынғы мәжбүрлі ақша жинау туралы нақты дәлелдер ұсынуға дайын.
-
"Қоздырғыш дәрі берді": Журналист басты күдіктілер жайлы жаңа деректерді жариялады
17:17, 15 маусым 2025
-
Мереке Қалбаева жас күйеуінің кемшім тұстарын айтты
15:22, 14 маусым 2025
-
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Ресейлік компания салмақ
13:21, 14 маусым 2025
-
Саяси құралға айналған: Әлеуметтік желілер санамызды қалай улап жатыр?
22:01, 13 маусым 2025
-
Dodo Pizza енді біздікі
18:37, 13 маусым 2025
-
Ірі несиені онлайн алу қиындайды
18:33, 13 маусым 2025
-
Қаржылық сауаттылықты тегін үйретеді
18:14, 13 маусым 2025
-
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
17:14, 13 маусым 2025
-
-
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстырмақшы: жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдіруде
16:24, 13 маусым 2025
-
"Қоздырғыш дәрі берді": Журналист басты күдіктілер жайлы жаңа деректерді жариялады
17:17, 15 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025