«Айна-қатесіз»: қазақша ән шырқаған қытайлық отбасы көпті тәнті етті

Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде қазақ тілінде ән шырқаған қытайлық отбасы көпті тәнті етті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Олар Мейрамбек Беспаевтің орындауындағы «Сен мені сағындың ба?» әнін шырқаған. Видеодан отағасы гитарада ойнады, ал әйел мен бала бірге ән айтқанын көрсе болады.

«Бала қазақ сөздерін айна-қатесіз айтты, ң мен н анық айтты», «шын жүректен орындады», «Қытайдағы қазақтар ғой. Ң МЕН Ғ әріпін қазақтардан басқа ұлт айта алмайды бұлай», «Қызы бәрінен де керемет! Қытай қазақтары ма», — деп жазды желі қолданушылары.

Көпшіліктің болжамынша, бұл Қытайда тұратын этникалық қазақтар болуы мүмкін.