Димаш Құдайберген “New Vision: Бизнес күші” жаһандық бизнес-форумында құндылықтар тақырыбын көтеріп, көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Өнер иесі Қазақстан мәдени өрлеуіне арналған панельдік сессия аясында форумның қорытынды бөліміне қатысып, әлемге бейбітшілік қана керек екенін еске салды.
“Мен өз халқымды, Отанымды сүйе тұра, адамзатты ұлтқа, дінге, тілге, нәсілге бөлмейтінімді атап айтқым келеді. Қазақ халқы – дана халық. Әрбір адам айналасындағы адамдарға жылы шырай қарым-қатынас жасап, мейірімді болса ол сол адамның даналығы деп білемін. Әлемге тек бейбітшілік қана керек. Әлемнің көптеген елінде болдым. Менің концерттеріме келетін көрермендер, қолдаушыларым — саясат пен саяси үгіт-насихатқа еш қатысы жоқ адамдар. Сондықтан мен қазақ, олар француз, америкалық, қытайлық, серб, орыс болсын – бәріміз бауырмыз”, – деді халық әртісі.
Сонымен қатар жеке көзқарасын тілге деген құрметтің маңызды екенін де атап өтті.
“Ата-бабамыздың өскелең ұрпаққа мирас етіп қалдырған мұрасына немқұрайды қарамай, өзіміз бірлікте болайық. Тілімізді құрметтеп, халқымыздың қадір-қасиетіне жетіп, әлемді құшақ жая қарсы алатындай әдемі деңгейде өмір сүрейік!”, – деп толықтырды әнші.
ПІКІР ЖАЗУ