Абай облысында есірткі тасымалдаған шетелдік ұсталды

Фото: Polisia.kz

Көлік полицейлері есірткі тасымалдаған шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік полицейлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Абай облысының Ауыл станциясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Новосібір — Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызында 28 жастағы шетелдік азаматты анықтап, ұстады.

Қызметтік-іздестіру иті осы жолаушыға белгі беріп, жеке тінту кезінде одан марихуана табылды.

Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот шешімімен күдіктіге 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...