«70 жыл болған апатты үйде тұрамыз». Сатпаев тұрғындары жаңа баспанаға көшуді армандайды

Ұлытау облысына қарасты Сәтбаев қаласында баспана мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда қаладағы 660-тан астам көпқабатты үйдің әрбір үшіншісі тозығы жеткен. Кейбір тұрғындар апатты деп танылған үйлерде тұрып жатыр. Облыс мәртебесіне ие болғанына төртінші жыл болса да, тұрғындар жағдайдың жақсармағанына алаңдаулы.

Тұрғындардың айтуынша, көптеген үйлердің қабырғалары сөгіліп, кейбірінің балкондары құлаған. Пәтерлердің ішін ылғал мен көгеру жайлап, жағымсыз иіс тұрғындарды әбден мезі еткен. Олар бірнеше рет жергілікті билікке жүгінгенімен, нақты нәтиже жоқ деп наразы.

Апатты жағдайдағы үйлер мен инфрақұрылымның жоқтығы

Тұрар Тәттібаев:

  • Біздің көшенің тең жартысы апатты жағдайдағы үйлерден тұрады. Сәтбаевты шахтерлар қаласы дейді, бірақ мұнда шахтерлар жылусыз, төбесі опырылып тұрған үйлерде тұрып жатыр. Жертөлелер шіріп кеткен, ылғалдың иісі пәтер ішінде сезіледі. Жақында балконымның қоршауы құлап, көлігім бүлінді.

Кейбір аулаларда инфрақұрылым атымен жоқ. Көлік кіруге жол тар, балаларға арналған ойын алаңдары ескірген. Тұрғындар жергілікті биліктен бұл мәселелерді шешуді сұрайды.

Алмат Жетербаев:

  • Бізге балалар ойын алаңын салып берсе, қоқыс контейнерлерін орнатса дейміз. Қазір контейнерлер аз, сондықтан қоқыс аулаға шашылып жатады. Үйлердің сыртын сылап, жарық орнатса дұрыс болар еді.

Әкімдік не дейді?

Сәтбаев қаласындағы Николай Гурбы көшесіндегі 67 және 69-үй тұрғындары бұл мәселемен Ұлытау облысы әкімдігіне де жүгінген. Алайда, нақты нәтиже болмай тұр.

Қаладағы 666 көпқабатты үйдің 223-і ескірген. Оның ішінде 26 үй апатты деп танылған. Кейбірі 70 жыл бұрын ағаштан салынған, бүгінде олар құлаудың аз-ақ алдында тұр. 2026 жылға дейін 130-дан астам ескі үй сүріліп, орнына жаңасы салынуы тиіс еді. Бірақ реновация бағдарламасы өте баяу жүріп жатыр.

Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Ахмет Сыздыманов:

  • Өткен жылы Ұлытау көшесіндегі 8 апатты үйдің бесеуінің тұрғындарына өтемақы төленді. Қалған апатты үйлерді реновация бағдарламасы аясында қарастырып жатырмыз, — деп жауап берді.

Тұрғындар биліктен жылдам әрі нақты әрекет күтеді. Себебі, ескі үйлердің жағдайы күн санап нашарлап, адамдардың өміріне қауіп төндіріп отыр.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!