Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, блогерлерге камералдық бақылау хабарламалары жіберілді. Енді түрлі курс сатып, ұтыс ойындарын өткізген инфлюенсерлер 30 жұмыс күні ішінде салық есебін ұсынуға тиіс. Ал келіспеген блогерлер түсіндірмесін комитетке жолдауы қажет, — деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғада 53,3 млрд теңгедей сәйкессіздіктер белгіленді. Нәтижесінде осы жылдың 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді», — деп хабарлады комитет.
ПІКІР ЖАЗУ