Жаңалықтар
24 қылмыстық іс тіркелді: Антикор жол саласындағы былықтың бетін ашты
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Агенттік Төрағасы А.Ж. Жұмағалидің басшылығымен жол саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, - деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Іс-шараға Көлік министрі М.К. Қарабаев, жоғары аудиторлық Палатаның, Стратегиялық жоспарлау, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің, қаржы, өнеркәсіп және цифрландыру министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік Көлік министрлігімен бірлесіп өткізген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.
Мәселен, соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды, бірақ жол желісінің жай-күйі халық тарапынан шағым тудыруда.
2023-2024 жылдары мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарының сапасыздығына қатысты 20 мыңнан астам шағым түсті. Жұртшылық мұны жемқорлықпен байланыстырады.
Ағымдағы жылдың басынан бері ғана Агенттік осы салада 24 қылмыстық істі тіркеді.
Сыртқы талдау жоспарлаудан бастап бақылау мен күтіп ұстауға дейінгі жол құрылысы мен жөндеудің барлық кезеңдерінде жүйелі жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін көрсетті.
Бастапқы кезеңде проблемалық учаскелер дұрыс анықталмайды, жақында салынған жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жобалау кезінде смета шамадан тыс жұмыс пен материалдардың есебінен жасанды түрде жоғарылатылады.
Келісімшарттар көбінесе тәжірибесі мен ресурстары жоқ мердігерлермен, бір көзден немесе картельдік келісім шарттарымен жасалады. Қосалқы мердігерлік ұйымдарды тарту ешкімнің бақылауында емес.
Ол өзінің жеткіліксіздігін және көп сатылы бақылау жүйесін көрсетті. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының анықталған ақаулар туралы қорытындыларын орындау міндетті емес, ал техникалық қадағалау өз функцияларын ресми түрде орындайды.
Саланы дамыту үшін Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды. Қолданбалы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды енгізудің орнына институт нормативтік құжаттаманы әзірлеумен айналысады.
Жаңа технологияларды енгізуді бақылаудың болмауы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі және күрделі нормативтік-құқықтық база да автожолдардың сапасына әсер етеді.
Цифрландырудың жеткіліксіздігі проблеманы ушықтырады. Соңғы 10 жылда ақпараттық жүйелерді дамытуға 16 млрд бюджет қаражаты жұмсалды. Дегенмен, жолдардың цифрлық картасы әлі әзірленбеген.
Талдау қорытындысы бойынша Агенттік осы саладағы жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 90-нан астам ұсыныс дайындады.
Жобалар сараптамасының және техникалық қадағалау институтының функционалын қайта қарау, ҚазжолҒЗИ -. сұранысқа ие инновациялық технологияларды әзірлеуге қайта бағдарлау, ірі жол жобаларын ғылыми-техникалық сүйемелдеу, жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілеттіктерін күшейту, сондай-ақ жолдардың цифрлық картасын жасау жөнінде шаралар ұсынылды.
Бірқатар ұсыныстар қазірдің өзінде сыналуда. Мысалы, Атырау облысында автожолдардың бірін орташа жөндеу кезінде «Цифрлық теңге» жобасы арқылы бөлінген ақшалай қаражатты қадағалау жоспарлануда. Жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ұсынымдарды орындау бойынша жұмыс жалғасуда.
-
Назарбаев әлемдегі ең бай президенттердің қатарына енді
15:12, 24 шілде 2025
-
"Менің өгей балаларым": Баян Мақсатқызы ерекше таныстыру жасады (ФОТО)
14:53, 24 шілде 2025
-
Ресейде адам толы ұшақ өртеніп кетті
14:30, 24 шілде 2025
-
Қазақ қызының хаты Нью-Йорктен бір-ақ шықты
13:33, 24 шілде 2025
-
Қазақстанда доллар бағамы тағы да өсті
13:20, 24 шілде 2025
-
Әлеуметтік жарылыстың алдын қалай алып жатырмыз?
12:45, 24 шілде 2025
-
Түркия мен Ұлыбритания жаңа әскери келісімге қол қойды
12:28, 24 шілде 2025
-
Илон Масктің саясатқа араласуы компанияға қалай әсер етті?
12:13, 24 шілде 2025
-
Ақ халаттыларға жұдырық ала жүгіретіндер түрмеге тоғытылады
12:04, 24 шілде 2025
-
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
11:11, 24 шілде 2025
-
Суық хабар: Еңбек министрінің отбасында қайғылы жағдай болды
05:45, 24 шілде 2025
-
-
-
"Күйеуі атпен сүйреп өлтірген": Атышулы іске танымал журналист араласты (ВИДЕО)
17:17, 23 шілде 2025
-
Баян Алагөзова қай қызын қаттырақ жақсы көретінін айтты
00:24, 24 шілде 2025
-
"Менің өгей балаларым": Баян Мақсатқызы ерекше таныстыру жасады (ФОТО)
14:53, 24 шілде 2025
-
Шымкентте аптап ыстықтан электр желілері істен шықты
09:15, 24 шілде 2025
-
Ресейде адам толы ұшақ өртеніп кетті
14:30, 24 шілде 2025
-
1200-ден аса бала білім алады: Маңғыстауда мектеп шатыры опырылып түсті (ВИДЕО)
16:11, 23 шілде 2025
-
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
11:11, 24 шілде 2025
-
-
-
Жұбаныш Жексенұлы ұлының итальяндық қызға үйленгенін айтты
05:15, 21 шілде 2025
-
"Көзіне көп шөп салған": Психолог Перизат Қайрат туралы тың дерек айтты (ВИДЕО)
15:01, 17 шілде 2025
-
-
-
-
Суық хабар: Қазаққа белгілі журналист көз жұмды
17:29, 21 шілде 2025
-
Қыдырәлі Болманов басынан өткен қиындықты баяндап берді
01:07, 18 шілде 2025
-
Суық хабар: Еңбек министрінің отбасында қайғылы жағдай болды
05:45, 24 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025