🌐 Әлем

Илон Масктің саясатқа араласуы компанияға қалай әсер етті?

Илон Масктің саясатқа араласуы компанияға қалай әсер етті?

Tesla бас директоры Илон Масктің саяси аренадағы белсенділігі компания бизнесіне кері ықпал ете бастады. Соңғы жарты жылда электромобиль алыбының сатылымы едәуір төмендеп, биылғы екінші тоқсанда 13%-ға азайған, деп жазады Ozgeris.info.

Bloomberg сарапшыларының жазуынша, компания жалпы табысын 12%-ға төмендетіп, 22,5 млрд доллармен шектелген. Бұған дейін сарапшылар 22,74 млрд болады деп болжаған. Таза пайда – 1,17 млрд доллар. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1,4 млрд болған. Есеп жарияланған соң Tesla акциясы тағы 3%-ға арзандап, 322,8 доллардан сатылды.

Мұндай сәтсіздіктің себебі – Масктің бизнеске емес, саясатқа көбірек көңіл бөлуінде. Ол Дональд Трамптың президенттік кампаниясын қолдап, Ақ үй командасына кіріп кеткен еді. Тіпті USAID бюджетін қысқартып, федералды қызметкерлерді жаппай қысқартуға кіріскен. Бұл әрекеттері солшыл инвесторлардың наразылығын туғызды.

Tesla-ның негізгі аудиториясы экология мен әлеуметтік әділеттілікті жақтайтын прогрессивтер. Ал Маск болса Германияда оңшыл AfD партиясын қолдағаны үшін де сынға іліккен. Осыдан кейін Еуропада Tesla-ға қарсы акциялар өтті.

Мамырда Маск саясаттағы қызметін доғаратынын айтқанымен, Трамппен де арасы суи бастаған. АҚШ президенті оның жұмысын сынға алып, “Маскті тексеру керек” деп мәлімдеді. Бұл Масктің Ақ үйден кетуі мүмкін деген қауесетті күшейтті.

 

Барлық жаңалық