Жаңалықтар

150 млн қарызы бар қазақ 290 млн теңге ұтып алды

Елімізде лотереяларға сенетіндер көп.  Бірақ көпшілік үшін бұл тек арман болса, Қайрат есімді азамат үшін ол шынайы өмірдегі ғажайыпқа айналды. Пандемия кезінде бизнесі тұралап, 150 миллион теңге қарызға батқан кәсіпкер «LOTO 6/49» лотореясында 289 755 700 теңгелік джек-пот ұтып,  ел тарихындағы ең ірі лотереялық ұтысты иеленді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қайрат ұтысын алу рәсіміне ерекше дайындалды – бет-жүзін жұлдыз костюмімен жасырды. Оған бұл шешімнің орынды екені түсінікті. Мұндай көлемдегі ұтыс тек жақындарының қуанышына ғана емес, алаяқтардың, бейтаныс «туыстардың» қызығушылығын да тудырады. Сондықтан анонимділікті сақтауды дұрыс деп тапты. «LOTO 6/49» – Қазақстандағы ең танымал лотереялардың бірі. Оның джек-поты ұзақ уақыт бойы қордаланып келді. Қайраттың жолы болып, 33, 19, 10, 48, 32, 18 сандарын дәл тауып, басты жүлдеге ие болды. Бұл ұтыс Қазақстан тарихындағы ең ірі лотереялық жеңіс ретінде тіркелді. Кәсіпкер Қайрат пандемия кезінде бизнесі тұралап, 150 миллион теңге қарызға батқанын жасырмады. Ұтыс оған қарыздан құтылуға мүмкіндік берді. Ал қалған қаржыны ол кәсібін жаңғыртуға және жаңа жобаларға инвестициялауға бағыттамақ.  
Барлық жаңалық