Министрдің атап өтуінше, Мемлекет басшысының соңғы 3 жылда жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі деректердің дұрыстығын тексеруді қамтамасыз ету тапсырмасы аясында пайдалануға берілген көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің барлығын тексеру жоспарланып отыр.— Ақпан айының соңына дейін әкімдіктер тиісті нысандар тізімі жасайды. Наурыз айының соңына дейін статистика органдарымен және Әділеттің министрлігінің деректер базасымен салыстырып тексеру жүргізіледі. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленеді, — деді Қайырбек Өскенбаев.
"ozgeris.info"