13 адамның өлімі: Алматыдағы хостел жұмысын 1,5 ай бұрын бастаған

Алматыда өртенген хостел жұмысын осыдан 1,5 ай бұрын бастаған. Бұл туралы қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев айтты.

Хостелдегі өрттен 13 адам қаза тапты.

13-27 қарашада Алматыда «Жатақхана» акциясы ұйымдастырылды. Нәтижесінде профилактика жұмысы жүргізілді, өрт қауіпсіздігінің ережесі түсіндірілді. Сондай-ақ тексеріс барысында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудың 350-ден аса дерегі анықталды. Бұл хостел жұмысын 1,5 ай бұрын бастаған. Мұны хостелдің әкімшілігі айтты, — деді Нұрлан Атығаев журналистерге.

Оқиға орнынан қазір 59 адам эвакуацияланды. Онда негізінен Пәкістан және басқа елдердің азаматтары тұрған. Қаза тапқандардың жеке басына қатысты дерек нақты анықталғаннан кейін беріледі.

Фото: massaget.kz


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...