Геосаяси жағдайдың шиеленісуі аясында Қазақстанның қаржы нарығына қысым елеулі түрде өсті, деп хабарлайды ozgeris.info Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресей рублінің айтарлықтай әлсіреуі салдарынан (АҚШ доллары үшін 85 рубльден жоғары) теңге бүгінгі сауда-саттық барысында АҚШ доллары үшін 475,75 деңгейінде тарихи белгілерге жетті.
“2022 жылғы 24 ақпанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін көтерді. Бұл шешім ұлттық валюта мен инфляция деңгейіне түсіп жатқан қысымды төмендетуге бағытталған. Нарықтағы ахуал түбегейлі нашарлаған жағдайда Ұлттық Банк пайыздық саясат шеңберінде одан әрі шешім қабылдау үшін кеңістік қалдырды”,– делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ