Әнші Қайрат Мырзаханов бесінші рет балалы болды

Коллаж: stankz

“Меломен” тобының әншісі Қайрат Мырзаханов бесінші рет балалы болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі жеке парақшасында жақсы жаңалықты бөлісті.

“Сүйінші. Ресми түрде бес баланың ата-анасы болдық. Аллаға сансыз шүкір», –деп жазды әнші.

Одан кейін әйелі де жазба жариялап, халыққа алғыс айтты.

“Күйеуіме тосынсый жасадым. 9 ай бойы ұл деп айтып келдім. Кешірші, жаным. кіндік әке-шешесі Талғат Жорабаев пен оның әйелі”, – деп жазды әншінің жары.

Айта кетейік, өнер иесі “әйелін ұрып-соқты” деп басы дауға қалған әріптесі Ғабит Бибасыұлын қолдаған еді.

“Өзім ешқашан әйеліме қол көтермегенмін. Себебі ол кісінің өзі де ондай жағдайға апармаған. Сол үшін ақылды әйел қол көтеруге дейін мәжбүрлемейді. Ақылсыз әйел ғана өзіне қол көтерткізеді. Мен осыны барлық ер-азаматтың атынан айтамын”, – деген еді әнші.

 

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей