Алтынның әлемдік нарықтағы бағасыда аспандап барады.
Металдың құны унциясына 3230 доллардан асты. Бұл рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды 24kz.
Жыл басынан бері бағалы металдың бағасы 18%-ға өсті. Бұл 1986 жылдан бергі рекордтық өсім. Мамандар алтын инвестиция салудың ең тиімді жолы болып қала беретінін айтады. Жыл соңына дейін оның құны унциясына 3300 доллардан асып кетуі мүмкін, дейді сарапшылар.
Қытайда да алтынның бағасы шарықтады. Құнды металл бір күнде 5 мыңнан астам теңгеге қымбаттаған.
Қазір Бейжіңде бір грамм 71 мың теңге сатылып жатыр. Сарапшылар алтын бағасына Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы әсер еткен деп отыр. Сондай-ақ кейінгі күндері доллар әлсіреп, акциялардың құлдырауы да түрткі болған. Айта кету керек, көрші елде 2024 жылы алтынның бағасы 27 пайызға өскен. Ал биыл жыл басынан бері 23 пайызға көтерілді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру