Әйгілі Илон Масктың анасы Алматыға келе жатыр

Мей Маск
Фото: @mayemusk

Өнертапқыш Илон Масктың анасы, диетолог, модель Мей Маск 17 қазанда Алматыда өтетін Ортаазиялық «BeWoman» атты әйелдер форумында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Белсенді әйел денсаулық, тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік туралы айтып, баланы жалғыз тәрбиелеудің қандай екенін айтып бермек.

Сонымен қатар форумға Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен 2700-ден астам адам қатысады.