«Әдемі жарасамыз»: Назым Қызайбай Димаш Құдайбергенмен сөйлесетінін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Бокстан Париж Олимпиадасының қола медаль иегері Назым Қызайбай өзіне Instagram арқылы танымал әнші Димаш Құдайберген хат жазып тұратынын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Боксшы бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжанның «Late night show with Dinara Satzhan» бағдарламасында айтып берді.

Бағдарлама барысында Динара Сәтжан фотошоп арқылы Назым Қызайбайдың Димаш Құдайбергенмен бірге тұрған фотосын көрсетеді.

«Ооо, әдемі жарасады екенбіз, иә!?» — дейді Назым Қызайбай таңданысын жасырмай.

Динара Сәтжан осы орайда екеуінің құрдас екенін, алайда Назымның бір жасқа үлкен болғаны қорқынышты емес екенін айтты.

«Қорқынышты емес. Одан да кішкентай балалар жазады», — дейді боксшы қыз.

Сөзін жалғай отырып, жарыстарда жеңіске жеткенде Димаш Құдайбергеннен хат келіп тұратынын айтты.

«Димаш екеуіміз Instagram-да бір бірімізге тіркелгенбіз. Жарыстарда жеңіске жеткенде құттықтап тұрады. Мен де оның Stories-теріне анда-санда жазып тұрамын.

Ал оффлайн бізде қысқы Универсиада (2017 жыл) өткенде көріскенбіз», — деді Назым Қызайбай.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей