Almaty Air Initiative зерттеушілері Алматы ауасының ластану деңгейін бағалады. Мамандардың есебінше, ауадағы ластаушы заттардың мөлшері әр еркекке, әйелге және балаға жылына 487 темекіге тең, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Зерттеу мәліметінше, 2023 жылдың нәтижесі бойынша, Алматының әрбір тұрғыны жыл сайын 487 темекіге тең келетін ластаушы заттардың мөлшерін жұтады. Бұл әр еркекке, әйелге және балаға жылына 24 қорап темекіні құрайды дейді олар.
Зерттеушілер есептеу үшін Clarity Movement ластаушы заттардың мониторингі желісі мен ғылыми зерттеулердің 2023 жылғы деректерін пайдаланған.
Алматыдағы кәсіпорындар 2023 жылы 44 мың тонна ауаны ластаушы зат шығарған. Шығарындылардың жартысына жуығы, 20,2 мың тоннасы өткір тұншықтырғыш иісі бар түссіз газ – күкірт диоксидінен (SO2) шыққан. Көмірдің жанған өнімдері өкпені тітіркендіріп, ауыр тыныс алу және жүрек-тамыр ауруларына әкелуі мүмкін.
Жыл сайынғы өсімге негізгі үлесті күкірт диоксиді мен суспензия бөлшектері қосты. Оның көлемі 60%-дан астам. Бірінші жағдайда өсім 930 тонна, екіншісінде – 613 тонна болған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 2023 жылы кейінгі үш жылда ауаның ластығы бойынша рекордтық деңгей тіркелген.
ПІКІР ЖАЗУ