Белгілі заңгер Айгүл Орынбек бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановты Олимпиададағы төмен нәтижеден кейін сынға алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, бокстан жеңіліп жатқанымыздың себебі бас бапкердің кінәсі.
«Өкінішке орай жемқорлық бұл жақты да жаулап кеткен. Президентіміз Азия ойындарынан кейін, спортты жемқорлықтан тазалауға нақты тапсырма берген еді. Ол тапсырма өкінішке орай орындалмағанын осы ойындардан көруге болады. Мен және бүкіл қазақ елі бокстың жанкүйеріміз!
Дәл осы олимпиада да бокстан көбірек медаль күткен едік…
Жақында ғана келген Бокс федерациясының басшылығына өкпе жоқ! Барынша лицензия алып беру міндетін атқарды. Ары қарай тактиканы дұрыс жоспарлау бас бапкер, Мырзағали Айтжановтың міндеті еді. Спортшыларды алдын ала Еуропаға апарып адаптациядан өткізіп, психологиялық тұрғыда дайындау керек еді», — деді ол Айгүл Орынбек Facebook парақшасында.
Заңгер көрші елдің тәжірибесін де айтып өтті.
«Көрші Өзбекстан елінің бас бапкері Тулкин Киличев спортшыларын алдын ала екі апта бұрын Еуропаға сборға барғанын көріп отырдым. Міне тактика! Міне профессионализм!
Ал біздің бап бапкер Олимпиадаға баратынын біле тұра чемпиондарды сол баяғы «Алматау» да дайындап, енді міне нәтижесі!
Еуропада қонақ үйлерден, тамақтан ақша жей жымқыра алмайтын болған соң, «Алматауда» жаттықтырдыңдар ма?» — деді ол.
Айгүл Орынбек спортшыларды кінәламайтынын айтты.
«Қанға сіңіп кеткен жемқорлық, спортшыларымыздың еңбегін жоққа шығаратын болды… Шымкенттік Мақмұт Сабырханды өз салмағында неге шығармадыңыз, Айтжанов мырза? Баланың обалы сіздің мойныңызда!
Антикор төрағасы Асхат Жұмағали біздің спорттағы басшылар «Алма тауды» неге сонша қатты жақсы көреді?!
Бір тексеріп жіберіңіздер Олимпиада ойындарынан кейін!» — деді Айгүл Орынбек.
ПІКІР ЖАЗУ