Жапония Ресейдің бірқатар компанияларына, сондай-ақ тағы сегіз елге, оның ішінде Қазақстанға қарсы санкциялар енгізеді. Бұл туралы хабарлама мемлекеттің СІМ сайтында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, санкцияға 11 жеке тұлға, РФ-дан 51 компания және үш банк, сондай-ақ сегіз мемлекеттен ондаған фирмалар түскен.
Жапон кабинеті сондай-ақ 22 ресейлік ұйымға және 335 тауар атауына экспорттық шектеулер енгізді. Олар 2025 жылдың 23 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұдан басқа, Ресейге қарсы шаралар шеңберінде жапондық экспорттық санкциялар Қазақстан компанияларының біріне қатысты қолданылатын болады.
Әңгіме электрондық және телекоммуникациялық жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерін көтерме саудада сатумен айналысатын астаналық Da Group 22 ЖШС туралы болып отыр. Айтпақшы, бұл компания 2024 жылдың ақпанында Еуроодақ пен АҚШ-тың санкциялық тізіміне енген болатын.
ПІКІР ЖАЗУ