Спорт

Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF чемпиондық белбеулерін табысты қорғады

Астана қаласындағы "Барыс-Аренада" өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) франциялық қарсыласы Анауэль Нгамиссенгені (14-0, 9 КО) нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жекпе-жек көпке созылған жоқ: бірінші раундта-ақ француз боксшысы нокдаунға түсті, ал бесінші раундта Әлімханұлы оны нокаутқа жіберді.

Жеңістен кейін Жәнібекке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдап, оның ел намысын абыроймен қорғағанын атап өтті.

Президент спортшыға жарқын жеңістер тілеп, бүкіл қазақстандықтардың зор мақтаныш сезімін білдірді.

Айта кетейік, жекпе-жек аяқталған соң, көрермендер елордадағы "Барыс-Арена" трибуналарындағы қоқысты жинап кеткен.

Барлық жаңалық