Украина

"Зеленский баланың кәмпитін тартып алғандай ақшаны алатын": Трамп Украина басшысын тағы да сынға алды

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді тағы да "алғыссыздық" үшін айыптады, деп хабарлайды UlysMedia порталы.

Бұл туралы Ақ үй басшысы Fox News арнасына берген сұхбатында айтты.

–  Джо Байденнің кезінде Зеленский АҚШ-тан ақша алғанын баланың кәмпитін тартып алғандай оңай көрді. Ол АҚШ-тың көмегі үшін ешқандай алғыс білдірмейді.
Мен Владимир Зеленскийдің Вашингтонға оралып, Украинаның сирек кездесетін металдары бойынша келісімге қол қоюын күтемін, – деді Трамп.

Сол сұхбатында АҚШ басшысы Владимир Путинмен жақсы қарым-қатынаста екенін, бірақ өзінің "Ресейге қатысты қатаң ұстанымын алғашқы мерзімінен бері сақтап келе жатқанын" атап өтті.

Барлық жаңалықтар