«Мемлекет басшысының қазақ тілін ұлтаралық тіл деңгейіне шығару керек деген ойын сабақтай отырып, тілімізді өз тұғырына қондыру – баршамызға ортақ міндет. Өкінішке орай, сот процестерінің 70 пайызы орыс тілінде. Тіпті кей өңірлерде, мәселен, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы соттарында қазақ тілінің үлесі 5 пайыздан аспайды. Бұл жерде мәселе тек соттарда десек, қателесеміз», - деді Жоғарғы Сот төрағасы А.Мерғалиев.


«Азаматтық, әкімшілік кодекстер мен басқа да заңдардың қазақ тіліндегі мәтіндеріндегі қателерді айтудың өзі де ұят. Бұл мәселенінің шешімін табу үшін әрбір Қазақстан азаматы, әрбір білікті маман өз саласында қазақ тілі үстемдігі үшін өз үлесін қосуы керек. Оқулық тапшылығы мәселесін шешу мақсатында университет құқық саласындағы әлемдік әдебиеттерді қазақ тіліне аудару жұмыстарын бастады».
Баспасөз қызметі