Үсік жүреді: 18 қазанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ғаламтордан

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің батысына, шығысына, оңтүстік-шығысына жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

“Батыста жаңбыр, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Қалған аумақта антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал”, — деп хабарлайды синоптиктер. 

Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Түнде Алматы және Жетісу облыстарында үсік жүреді, Түркістан, Жамбыл облыстарында 1-6 градус ызғар сақталады.