Туризм және спорт министрі қызметінен кетті

Фото: primeminister.kz

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

Ол Туризм және спорт министрі лауазымына 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын. Оған дейін Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болды.