МАҢЫЗДЫ

Тоқаев балаларды қорғау күнімен құттықтап, тәрбиенің рөлін атап өтті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
«Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын!» – деп жазды Президент әлеуметтік желідегі X парақшасында.
Барлық жаңалық