Жаңалықтар
Тоқаев Германия президентімен телефон арқылы сөйлесті
Германия тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Мемлекеттер басшылары Украинадағы ахуал жөнінде жан-жақты пікір алмасты.
Франк-Вальтер Штайнмайер Ресей басшылығының Украинаға қарсы әскери іс-қимыл бастау жөніндегі күтпеген шешімінің себептеріне қатысты Еуропа одағының белгілі ұстанымын жеткізді. Әскери іс-қимылдар бұл елді гуманитарлық апатқа алып келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл мемлекеттің БҰҰ Жарғысындағы нормалар мен қағидаттарды берік ұстануға тиіс екенін айтты.
Президент Украина дағдарысын өте ауыр деп санайды. Сондықтан бейбіт тұрғындардың бұдан былай жапа шекпеуі және Украина аумағындағы азаматтық инфрақұрылымның толық қирауына жол бермеу үшін қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жаңа дипломатиялық мүмкіндіктерін қарастыру керек.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Украина халқына дәрі-дәрмек және басқа да қажетті азық-түлік жағынан гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Қазіргі уақытта оларды көзделген жерге көлікпен жеткізу жолдары қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі 435 азаматымызды өз Отанына және 650-ден астам адамды Еуропа елдеріне эвакуациялауға қол ұшын берді.
Президенттер Украина проблемасы бойынша өзара байланыс жасап тұруға келісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер екі елдің қарым-қатынастары тұрақты түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды. Бұған Қазақстан Президентінің 2019 жылы желтоқсанда Германияға жасаған ресми сапары септігін тигізді.
Мемлекетіміздің басшысы Германия Президентін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Франк-Вальтер Штайнмайер шақыруды ризашылықпен қабыл алды.
Әңгімелесу соңында Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанды жаңғырту саясатын қолдайтынын және әріптесінің саяси және экономикалық реформалар арқылы алға ілгерілеу ниетін құптайтынын айтты.
-
"Жағдай өте қиын": Абзал Шынасылдың анасы сұхбат берді
12:22, 17 маусым 2025
-
Өмір сапасы: Қазақстан 139 елдің ішінде 114-орынға жайғасты
11:51, 17 маусым 2025
-
16 млн қазақстандықтың жеке дерегі ұрланды
11:12, 17 маусым 2025
-
Сәкен Майғазиев не үшін қалың малға 5 млн бергенін айтты
09:39, 17 маусым 2025
-
Қайғылы жағдай: 2 жасар бала әкесінің көзінше анасын атып өлтірді (ВИДЕО)
07:37, 17 маусым 2025
-
«Енді есімім Хадиджа»: Әнші Индира Елемес азан шақырып, атын өзгертті
01:27, 17 маусым 2025
-
-
-
Петропавлда 2 жастағы сәби шемішкеге қақалып шетінеп кетті
17:21, 16 маусым 2025
-
-
"32 мыңға 8 рет виски алдырды": Төрғали Төреәлінің әрекеті желіде талқыға түсті
14:46, 16 маусым 2025
-
-
-
Астанада 10G интернет іске қосылады
14:17, 16 маусым 2025
-
-
«Енді есімім Хадиджа»: Әнші Индира Елемес азан шақырып, атын өзгертті
01:27, 17 маусым 2025
-
Сәкен Майғазиев не үшін қалың малға 5 млн бергенін айтты
09:39, 17 маусым 2025
-
Тайвань қақтығысы: Қытай неге соғыс ашуға асықпайды?
23:32, 16 маусым 2025
-
Петропавлда 2 жастағы сәби шемішкеге қақалып шетінеп кетті
17:21, 16 маусым 2025
-
Биыл рекордтық көрсеткішті қайталау мүмкін бе?
00:02, 17 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
"Майдаланып кеткен": Сәкен Майғазиев құдаларына бергенін айтып, сынға қалды (ВИДЕО)
11:27, 11 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-