Жаңалықтар

Тоқаев "Астана" халықаралық форумын осы жылға тоқтатты

Қасымжомарт Тоқаев жойқын су тасқынының салдарын жою үшін, қаражатты үнемдеу мақсатында 13-14 маусымда өтетін "Астана" халықаралық форумын өткізуді тоқтатуға шешім қабылдады.
"Қазақстанда бұрын - соңды болмаған су тасқынына және ауқымды қиратулардың салдарын жою және ел азаматтарына көмек көрсету үшін қаржы қаражатын үнемдеу қажеттілігіне байланысты, мен осы жылдың 13-14 маусымында Астана халықаралық форумын өткізуді тоқтату туралы шешім қабылдадым", - деп жазды "X" желісінде . "Іс - шараға шақырылған қатысушылар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп үміттенемін", - деп атап өтті Тоқаев.
Астана Халықаралық форумы 2025 жылы жұмысын қайта бастайды.
Барлық жаңалық