«Тістеп алды». Марат Әйтенов экс-әйелін сотқа беріп, жеңіп шықты

Фото: Кozachkow offside

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты көшуден бас тартып отырған Дана Атешова үйдің нағыз қожайыны Арсен Мусалимовты тістеп алғанын мәлімдеді. Ол 19 маусымда сот орындаушысымен бірге Атешова мен оның балаларын шығару үшін келген. Алайда әйел қарсылық көрсетіп, Мусалимовқа дене жарақатын салған. Судья Анар Темірбаева сотталушыны кінәлі деп танып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Оzgeris.info.

Астана сотының мәліметіне сенсек, сот денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

“2024 жылғы 23 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін А-ға (Дана Атешова) қатысты үкім шығарды (ҚК 108-1-бабының 1-бөлігі). А оны мәжбүрлеп шығару процесі барысында үй иесіне қарсылық көрсетіп, М-ны үйге кіргізбей, жәбірленушіні қасақана ұялы телефонымен соғып, оны тістеп алған. Салдарынан М-ға (Арсен Мусалимов) дене жарақаты келтірілген», – делінген хабарламада.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді.

«Прокурор 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап оқиға мен қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. ҚК-нің 108-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны қарастырады», – деді Астана соттары.

Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балалардың болуын және соттылығының болмауын таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

«Жасалған теріс қылықтың мән-жайын және оның ауырлығын ескере отырып, сондай-ақ сотталушының жеке кәсіпкер екенін, оның асырауында 3 кішкентай баласының бар екенін және жазаның өзге түрін тағайындау оның балаларының өмірі мен тәрбиесі жағдайларына әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, сот сотталушы А-ға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деді соттың баспасөз қызметі.