«Тергеу әділ өтсін». Шерзат Болаттың өліміне күдіктінің анасы үндеу жасады

Коллаж: ozgeris.info

Шерзат Болаттың өліміне күдіктілердің бірінің анасы әділ тергеу жүргізуді сұрайды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әйелдің сөзінше, ұлы мен досы қайғылы оқиға орнында мүлде болмаған, бірақ олар қазір қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отырған көрінеді.

Мен Казакенова Лейла марқұм Шерзат Болаттың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Ана ретінде олардың қайғыларын түсінемін, қайғыларына ортақтасамын. Осы оқиғаға қатысты президентке, ішкі істер министріне және еліміздің бас прокурорына жүгінемін. БАҚ-та бастапқыда 13 адамның қатысы бар екенін айтқан, бірақ іс жүзінде 7 адам ғана ұсталған. Санды толтыру үшін қалғандарын жазықсыз ұстаған. Олардың арасында менің ұлым Казакенов Арлан мен досы Розбакиев Юлдаш бар. Олар қазір қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отыр, – дейді ол.

Әйел ұлы мен досы оқиға орнына мүлдем бармағанын айтады.

Шын мәнінде олар қылмыс орнында болмаған. Оқиғаның барлығы болып, біткеннен кейін ғана ер адамның екі адамды көлікке отырғызып, алып кете бара жатқан жерінің ғана куәсі болған. Мерседес көлігінің іздестіріліп жатқанын естіген. Менің ұлым танысы Нұрқиясқа хабарласып, не болғанын сұрайды. Ол ұлым мен досын Рысқұлов ауылына жанына шақырады. Досы екеуі барады, – дейді әйел.

Оның сөзінше, Нұрқияс жалғыз болмай, алты адаммен бірге болған.

Талғарға қарай барған, жолда кездескен, араларында ұрыс болған, артынша полиция алып кеткен. Олардан түсініктеме алынды, артынша жіберілді. 13 қазан күні ұлым мен досы 48 сағатқа ұсталды. Артынша 2 айға қамауға алынды. Оларды не себепті қамауға алынғанын түсінбедім. Ұсталған 13 адамның орнын толықтыру үшін жасалып отыр ма? Оқиға орнына бармаса да, күдікке ілініп отыр. Олар тіпті не болғанын да білмейді. Оқиға орнында болған екі қыз қамауда емес, алайда ұлым мен досы қамауда. Мен әділ тергеу талап етемін, – дейді әйел.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

АҚПАРАТ POLITICO.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН