Жаңалықтар

Таразда көші-қон полициясының екі қызметкері ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік қызметі Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстағанын хабарлады.
"10 сәуірде Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады. Олар заңсыз келген шетел азаматтарына жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген", - делінген хабарламада.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Барлық жаңалықтар