"Соңғы видеоға штраф келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр", - деп жазған әнші банк қосымшасынан 300 мың теңге жібергені туралы түбіртектің суретін жариялады.Айта кетейік, танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің 5 жылдық түлектер кездесуінде сахнада ән айтып, бір емес, бірнеше қызды вальске шақырған видеосы желіде біраз талқыға түскен еді.
