Степногорскте ер адам бөтен біреудің балансын ұрып тастады

Бейнеден кадр

Ақмола облысының Степногорск қаласында ер адам баласын қорғау мақсатында басқа балаға қол көтерген оқиға орын алды. Бұл жағдай әлеуметтік желілер мен қоғамда үлкен талқы туғызды. Полиция мәліметінше, балалар арасындағы жанжалға араласқан ер адам басқа балаға дене жарақатын салған, деп хабарлайды ozgeris.info.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, барлық қатысушылар анықталды. Қазір ер адамның әрекеті бойынша «Дене жарақатын салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, жанжалға қатысқан балалардың ата-аналарына қатысты баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша тексеріс басталды.

Ведомство өкілдері кәмелетке толмағандардың барлығы профилактикалық есепке алынатынын хабарлады.

Қоғамда бұл оқиғаға қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Бірі әкені қолдап, оның баласын қорғауға құқылы екенін алға тартса, енді бірі балалардың мәселесін зорлықсыз шешу керектігін айтады.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)