Жаңалықтар
Соңғы алты айда 4,6 млн шаршы метр көппәтерлі үй пайдалануға берілді
ҚР Ұлттық экономика министрлігі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты өсуі ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдағы 3,2%-пен салыстырғанда жеделдеуді көрсетіп, 3,3%-ті құрады. Динамиканың жақсаруы тауарлар өндірісінде де (3,5%-тен 3,6%-ке дейін), сондай-ақ қызмет көрсету секторында да (3,1%-тен 3,3%-ке дейін) байқалады.
Өткен жылмен салыстырғанда экономиканың өсу қарқынының баяулауы экономиканың едәуір секторларының дамуына, оның ішінде сауда, көлік, логистика және т.б. шектеуші әсер еткен 10 өңірдегі су тасқыны салдарының әсерімен, сондай-ақ мұнай өндірудің 1,6%-ке қысқаруымен байланысты.
ЖІӨ құрылымында экономика өсуінің басты факторларының бірі өнеркәсіптік өндіріс болып табылады, оның көлемі 2,8%-ке ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу (5,1%-ке) сақталуда, ол тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі (0,3%-ке) өсуден едәуір озық қарқынмен өсіп келеді.
Өңдеу өнеркәсібінің салалары арасында машина жасау өндірісінің 9,4%-ке, металлургияның 8,3%-ке, химия өнеркәсібінің
5,3%-ке, фармацевтикалық өнімнің 14,8%-ке және жиһаз өндірісінің 28,3%-ке өсуі қамтамасыз етілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,7 трлн теңгені құрады және бес айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5 проценттік тармаққа жеделдеп, 8,6%-ке өсті.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 4,6 млн шаршы метр көппәтерлі үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,9%-ке жоғары.
Ауыл шаруашылығы маусымдық өсудің белсенді кезеңіне кірді. Ауыл шаруашылығында өнім өндіру 3,4%-ке өсті, бұл ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдың көрсеткішінен 1,8 проценттік тармаққа жоғары.
Көлік саласы мен ақпарат және байланыс секторын дамыту экономика өсуінің маңызды құрамдас бөлігі болып қала беруде. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында көлік және қоймалау қызметтері 7,3%-ке, ақпарат және байланыс қызметтері 8,7%-ке өсті.
Нақты сектордағы өсу сауда көлемінің өсуімен қатар жүруде. Ішкі сауда көлемі 3,9%-ке ұлғайды және а.ж. қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,8 проценттік тармаққа жеделдеді.
Экономиканың шикізат емес салаларында инвестициялық белсенділік өсуде. Өңдеу өнеркәсібінде (9,4%-ке), ақпарат және байланыста (2,4 есе), ғылыми және техникалық қызметте (58%-ке), көлікте (33,7%-ке), білім беруде (24,1%-ке), қаржылық қызметте (22,1%-ке) және жылжымайтын мүлікпен операцияларда (4,5%-ке) негізгі капиталға инвестициялардың өсуі байқалады.
Бесінші ай қатарынан іскерлік белсенділік индексінің өсуі байқалуда, ол маусым айының қорытындысы бойынша 51,4-ті құрады.
Ағымдағы жылы инфляциялық процестердің баяулауының тұрақты үрдісі байқалуда. Ағымдағы жылғы маусымда жылдық инфляция өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 8,4%-ке дейін төмендеді (а.ж. қаңтарда 9,5%).
Азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 5,4%-ке, азық-түлік емес тауарларға 7,4%-ке дейін баяулады. Ақылы қызметтер бағасының өсуі 13,8%-ті құрады.
Бұл ретте ағымдағы жылғы маусымда инфляция деңгейі өткен айға қарағанда 0,4%-ке дейін баяулады, бұл 2021 жылдан бері ең төменгі көрсеткіш болып табылады.
Инфляцияны тежеуге инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыру оң әсер етуде.
Өткен жылмен салыстырғанда сауда балансы жақсаруда.
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында алдын ала деректер бойынша сыртқы сауда айналымы 55,3 млрд АҚШ долларын құрады.
Оның құрылымында тауарлар экспорты 1,8%-ке өсіп, 32,5 млрд долларды құрады, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты
0,8%-ке, 10,5 млрд АҚШ долларына дейін артты.
Импорт 7,2%-ке қысқарып, 22,9 млрд АҚШ долларын құрады.
Оң сауда балансы 9,6 млрд долларын құрады және 2,3 млрд долларға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ке нығайды.
Елдің халықаралық резервтері өсуде.
Жыл басынан бері жалпы халықаралық резервтер 5,4 млрд долларға өсті және ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 101,3 млрд АҚШ долларынан асты.
Оның ішінде Ұлттық қордың валюталық активтері 1,4 млрд доллларға, 61,4 млрд долларға дейін, ал Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 4 млрд долларға, 39,9 млрд АҚШ долларына дейін өсті.
-
-
-
Қостанайда бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты
23:17, 15 шілде 2025
-
Көкшетауда кәсіпорында жұмысшы биіктен құлап, көз жұмды
22:53, 15 шілде 2025
-
Білікті қазақ дәрігері көз жұмды
17:19, 15 шілде 2025
-
Бектенов: Назарбаевтар отбасының активтері бойынша жұмыс жалғасып жатыр
16:30, 15 шілде 2025
-
"Ауру бала - сорың": Танымал актриса айтқан сөзі үшін елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО)
16:24, 15 шілде 2025
-
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15:38, 15 шілде 2025
-
Қазақстан азаматтығына тест тапсыру ережелері өзгермек
15:37, 15 шілде 2025
-
"Нағыз ханшайым еді": Желіде Мәдина Ерәлиеваның ерекше видеосы тарады (ВИДЕО)
15:00, 15 шілде 2025
-
-
"Нағыз ханшайым еді": Желіде Мәдина Ерәлиеваның ерекше видеосы тарады (ВИДЕО)
15:00, 15 шілде 2025
-
"Өзінен сұраңыздар!": Мөлдір Мұқанова ашуына мінді
11:30, 15 шілде 2025
-
"Ауру бала - сорың": Танымал актриса айтқан сөзі үшін елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО)
16:24, 15 шілде 2025
-
«Дарақылық»: Танымал тележүргізушінің ұлының тойында қонақтар миллиондап ақша шашты
06:39, 15 шілде 2025
-
Бектенов: Назарбаевтар отбасының активтері бойынша жұмыс жалғасып жатыр
16:30, 15 шілде 2025
-
Алматыда жаппай жол апаты болды
04:00, 15 шілде 2025
-
Премьер-министр Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді
11:23, 15 шілде 2025
-
«Асар-Үме» қорының президенті Перизат Қайратқа 200 млн теңге аударған
11:17, 15 шілде 2025
-
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15:38, 15 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
-
Интернетте де жауапкершілік бар
09:09, 09 шілде 2025
-
Елімізде еңбек кітапшасының күші жойылды
12:42, 14 шілде 2025
-
-
-
Айгүл Қосанова неліктен өзінен 14 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын айтты
00:15, 14 шілде 2025
-
Миллиондаған ақша: Геннадий Головкиннің есімі атышулы сотта аталды
15:47, 14 шілде 2025
-
«Елдостың ұрығы болмаған»: Клиника маманы атқарған істерін тізіп шықты (ВИДЕО)
10:39, 09 шілде 2025
-
«11 жыл күткен бөпе»: Тамара Асар қуанышты жаңалығын жария етті
06:00, 09 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025