«Славян базары»: Роза Рымбаева қазылар алқасына төрағалық етпек

Фото: time.kz

Беларусь елінінің Витебск қаласында осымен XXXIII рет ұйымдастырылып отырған халықаралық өнер фестивалінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева қазылар алқасының төрағасы ретінде үміткерлердің талантын бағаламақ, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, жауапкершілігі мол шаруа сеніп тапсырылғанын атап өтті.

«Қадірлі жерлестер! Біз Беларусь еліндеміз. «Лучеса» қонақ үйіне аялдадық. Витебск қаласында өткелі отырған «Славян базары» атты ауқымды фестивальге кеп қалдық. Биыл мен қазылар алқасының төрағасымын. Бұл – өте маңызды әрі жауапкершілігі жоғары жұмыс», — деді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, Роза Рымбаева қазылар алқасының тұрақты мүшелерінің бірі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...