Жаңалықтар

Шымкентте ер адам әйелін емдеймін деп өлтіріп алды

Шымкенттік тұрғын әйелін емдеймін деп өлтіріп алды  деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sadaq.kz. Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімдеуінше, қайғылы жағдай 16-наурыз күні қала орталығындағы үйлердің бірінде болған. “Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде” – дейді Шымкент қаласының ПД. Азамат ауырып қалған әйеліне екпе салып, кейін науқас өзін одан әрі жайсыз сезінген. Осыдан кейін жедел-жәрдем қызметін шақырғанымен, келіншек дәрігерлер жеткенше жан тапсырыпты.
Барлық жаңалықтар