МАҢЫЗДЫ

Шерзат Полат ісі: сотта айыпталушыларды сұраққа алу жалғасуда

Бүгін Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды ozgeris.info.

Еске салайық, жасөспірімді өлтіру оқиғасы 2024 жылғы 4 қазанда Талғарда болған. Ол төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмған.

Аталған іс бойынша тоғыз адам айыпталуда.

Алдыңғы отырыста бірінші болып Дархан Аскентай жауап берді. Ол бірінші болып «Камажай» дүкеніне сыра алуға келгенін, сол жерде жанжал басталғанын айтты. Ол ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (суық қару қолдану арқылы бұзақылық) бойынша айыпталуда.

Аскентайдың айтуынша, жанжал Шерзаттың оны кастетпен ұруынан басталған. Кейін марқұмның әкесі пышақпен келіп, қорқытқан көрінеді.

Сотта 3 қазаннан 4 қазанға қараған түні «Камажай» дүкенінің бейнебақылау камерасынан алынған жазба көрсетілді. Прокурорлар мен адвокаттар жазбаны талдап, Шерзаттың айыпталушылардың бірін ұрған сәтінен бастап жаппай төбелестің басталуына дейінгі әрекеттерді нақтылады.

Барлық жаңалық