«Салтты бұрмалап». Бекболат Тілеухан кіндік әке атанды (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр

Психолог, 7 баланың анасы Нұргүл Даубаева сүт кенжесінің қырқынан шығару рәсімін экс-депутат Бекболат Тілеухан мен оның әйеліне жасатқан, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Алланың бұйыртқаны, Алматыда Асанәлінің қырық күнге толған маңызды күнінде кіндік әке-кіндік анасы Бекболат ағамыз бен Кенже әпкем қарын шашын, тырнағын алып, бір үлкен іс атқарды», — деп жазды Даубаева.

Бекболат Тілеуханның өзі сәбидің шашын қиып, тырнағын алған. Алайда бұл әрекетті оқырмандар түсінбейтінін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«О заман да, бұ заман, еркек қырқынан шығарғанды бірінші рет көріп тұрмын. Еркек, ер адам қырқынан шығармайды ғой. Күннен-күнге неше түрліні шығарады. Бекболат жұмыс ауыстырған ба, бір күні әйелдерді босандырып жүрсе, таңғалмаймын. Салтты бекер бұрмаладың. Кіндік атасы дегені несі, неше түрліні шығарады. Қошеметке лайықты адам тапқан екенсіңдер», — деп жазды олар.

Кейін Тілеухан сәбидің атын азан шақырып, «Асанәлі» деп қойып береді.