Әзербайжанның AnewZ басылымы 25 желтоқсанында Ақтауда қайғылы апатқа ұшыраған AZAL ұшағының эксклюзив фотоларын жариялады. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, фотоларда оқ іздері, соның ішінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев айтқан нұсқаны растайтын дәлелдер бар.
Әзербайжан үкіметінің хабарлауынша, ұшақты Грозныйға жақындап келе жатқанда «Панцирь-С» зымыраны соққан. Министр Рашад Набиев зымырандық шабуыл фактісін растады, ал Ильхам Әлиев кінәсін мойындауды, кінәлілерді жазалауды және қаза тапқандардың отбасына өтемақы төлеуді талап етті.
Бұған дейін Әзербайжан президенті Ресейге үш талап қойған еді.
ПІКІР ЖАЗУ