«Репродуктивті және онкологиялық аурулар көбейді»: Қарағанды облысының экологиясы әйелдер денсаулығына қауіп төндіріп отыр

Фото: centrialasia.media

2025 жылы ақпанда 50-ден астам кәсіпкер әйел, экологтар, қоғам қайраткерлері және ғалымдар жиналып еліміздегі өнеркәсіп аймақтарының экологиялық жағдайы туралы талқылады. Аталмыш кездесуде халықтың денсаулығы, әсіресе экологиялық нашар аймақтарда тұратын әйелдердің жағдайы сөз болды.

«Әйелдер және тұрақты даму: экология, денсаулық, көшбасшылық» форумы аясында бірқатар өзекті мәселелер анықталды.  Қатысушылардың пікірінше, жылдан жылға онкологиялық және тыныс алу жүйесінің аурулары көбейіп, репродуктивті денсаулық нашарлап барады.

Қазақстан бай өнеркәсіптік мұраға ие ел. Алайда оның экологиялық құны өте жоғары. Қарағанды облысы Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіптік аймақтардың бірі. Мұнда металлургия, көмір өндіру және химия кәсіпорындары шоғырланған. Ауаның, судың және топырақтың жоғары деңгейде ластануы халықтың денсаулығына, әсіресе әйелдерге кері әсерін тигізеді. Салдарынан тыныс алу, репродуктивтік және онкологиялық аурулардың қаупін арттырып отыр.

IQAir (2025 ж.), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (2025 ж.) және Қарағанды облысының экология департаменті (2024 ж.) деректеріне сәйкес, Теміртауда ауаның ластану деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қауіпсіз нормаларынан 2-3 есе жоғары екені анықталды.

Негізгі ластаушы кәсіпорындар:

  • АО «Qarmet»
  • ТОО «Корпорация «Казахмыс»
  • Қарағанды ЖЭО

Ауаның ластану деңгейі:

  • Қарағанды: PM2.5 – 45 мкг/м³
  • Теміртау: PM2.5 – 78 мкг/м³ (ДДҰ нормасы – 25 мкг/м³)

Судың ластануы:

  • Ауыр металдар, SO₂ және NOₓ концентрациясының жоғары болуы.

Жасыл желектің жетіспеуі:

  • Теміртауда – 9%
  • Қарағандыда – 18%

(ДДҰ ұсынысы – 25-30%)

Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы деректеріне сәйкес, ауаның және судың жоғары деңгейде ластануы әйелдердің тыныс алу жүйесі, репродуктивті аурулары және онкологиялық дерттерінің көбеюіне тікелей әсер етуде.

Теміртау ең ластанған қала көрсеткіштері және әйелдер арасындағы ауру-сырқаудың саны бойынша көшбасшы.

Форумға қатысушылардың айтуынша, жасыл желекті көбейту экологияны жақсартудың ең тиімді жолы.

Қарағанды облысының экология департаментінің 2024 жылғы деректері бойынша, аймақта жасыл желектің жетіспеушілігі байқалған. Бұл экологиялық жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. ДДҰ нормалары бойынша, қаладағы жасыл желек 25-30% кем болмауы тиіс.

Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында 2027 жылға дейін 1,5 миллион ағаш отырғызу жоспары жарияланған. Алайда, ғылыми әдіс пен тиімді бақылау болмаса, бұл бастама толық орындалмауы мүмкін.

Әлемдік тәжірибе: кәсіпорындар қоршаған ортаға келтірген зиянын қалай өтейді?

Германия: Көмір өндірумен айналысатын RWE компаниясы экологиялық залалды өтеу үшін қалпына келтіру жобаларына қаржы бөледі. 2021 жылы Германия үкіметі атом энергетикасынан бас тарту үшін 2,43 миллиард еуро көлемінде өтемақы төлеу туралы келісім жасады.

АҚШ: 2010 жылы BP компаниясы Мексика шығанағындағы мұнайдың төгілуінен зардап шеккен экожүйені қалпына келтіру және халыққа көмек көрсету үшін миллиардтаған доллар өтемақы төледі.

Норвегия: Көмірқышқыл газының (CO₂) шығарындыларына салық енгізілді, оның түсімі көгалдандыру және денсаулық сақтау бағдарламаларына бағытталады.

Канада: Кейбір провинцияларда көміртегі салығы енгізіліп, оның қаражаты жаңартылатын энергия көздерін дамытуға жұмсалады.

Франция: Пластик қаптамаға салық енгізілген, одан түскен қаржы қалалық саябақтарды құруға жұмсалады.

Қазақстанда экологиялық өтемақы жүйесін енгізу ұсынысы

Қарағандыдағы форумда әйелдер Еуропа тәжірибесіне сүйене отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындарды қоршаған ортаға келтірген зияны үшін өтемақы төлеуге міндеттеу идеясын ұсынды.

Бұл қаражат:

  • Зардап шеккен әйелдер мен балаларды қолдау қорларына
  • Экологиялық жобаларды қаржыландыруға
  • Қалаларды көгалдандыру бағдарламаларына бағытталуы керек.

Қарағанды және Теміртау тұрғындарының денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қалпына келтіру үшін кешенді шаралар қажет. Қоғам белсенділері мен экологтардың ұсыныстары түсінікті. Олардың пікірінше, экологиялық өтемақылар жүйесін енгізу Қазақстандағы экологиялық әділеттілікті қамтамасыз етуге көмектеседі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит