Мемлекеттік сатып алу порталында Қостанай облысына жаңа қызметтік көлік сатып алу туралы хабарландыру жарияланды. Бағасы – 19,6 миллион теңге. Қандай марка, қандай сипаттамадағы көлік екені көрсетілмеген, тек бөлінген қаражат мөлшері белгілі.
Бұл кезде қарапайым халық қымбатшылықпен күресіп, үнемдеуді үйренуге мәжбүр. Жанармай, азық-түлік, коммуналдық қызмет бағасы шарықтап тұр, ал билік өкілдері бюджеттен миллиондаған теңгеге көлік алуды тоқтатар емес.
Соңғы уақытта мемлекеттік органдардың мұндай шығындары қоғамда жиі сынға ұшырап жүр. Бірақ одан нәтиже бар ма? Бір тарап үнемдеуге тырысса, екінші тарап қымбат көлік мінуді жалғастыруда.

ПІКІР ЖАЗУ