✅ Пайдалы

Қазақстанда қай мамандыққа сұраныс көп? Түлектер нені таңдаған дұрыс?

Жыл сайын мыңдаған түлек мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басады. Бірақ мамандық таңдау – тек жеке қызығушылық қана емес, болашақтағы жұмысқа орналасу мен табыс кепілі. Қазіргі еңбек нарығы қандай мамандықтарды талап етеді? Қазақстанда қандай салада кадр тапшылығы бар? Мамандық таңдауда түлектер нені ескергені жөн? Ozgeris.info маңызды ақпараттарды топтастырды.
  1. IT және цифрлық технологиялар
  • Бағдарламашы (developer)
  • Жасанды интеллект пен деректерді талдау мамандары (AI, Data Analyst)
  • Киберқауіпсіздік сарапшылары
  • UX/UI дизайнерлер
Неге? Мемлекеттік және жеке сектордағы цифрландыру қарқыны жыл сайын артып келеді. Ірі банктерден бастап ауыл әкімдіктеріне дейін деректермен жұмыс істеуге көшкен.
  1. Мұғалімдер мен педагогтар
  • Математика, физика, информатика, ағылшын тілі пәндері бойынша
  • Мектепке дейінгі білім беру мамандары
Неге? Ауылдық жерлерде және кейбір облыстарда білім саласына маман тапшы. "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануы да бұл мамандықтың беделін арттырды.
  1. Медицина қызметкерлері
  • Жалпы практика дәрігері
  • Ауыл дәрігерлері
  • Мейірбикелер, лаборанттар
Неге? COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесінің маңызын дәлелдеді. Ауылдық елді мекендерде медициналық кадр тапшылығы әлі де өзекті.
  1. Инженерлік-техникалық мамандықтар
  • Құрылыс инженері
  • Энергетика және электр жүйесі мамандары
  • Механиктер, өндіріс технологтары
Неге? Индустриялық-инновациялық даму аясында өндіріс орындары мен инфрақұрылым нысандарын салу артты.
  1. Ауыл шаруашылығы саласы
  • Агроинженерлер
  • Ветеринарлар
  • Топырақтанушылар мен агрономдар
Неге? Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі драйверлерінің бірі. Экспорттық әлеуетті арттыру үшін жаңа буын агромамандар қажет. Мамандық таңдауда неге мән беру керек? Ең алдымен талапкерлер жүрек қалауына мән берген жөн. Мамандық таңдауда баланың бейімі ескерілсе де, болашақтағы сұранысты елеусіз қалдыруға болмайды. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген сұранысқа ие мамандықтарға мемлекеттік гранттар көптеп бөлінеді.
«Ата-ана ретінде бағыт-бағдар бергенімен бала өзінің таңдауын жасау керек. Өзінің жүрегінің қалауын тыңдау керек. Себебі, баланың мамандық таңдауда өзінің ішкі бейімі, қабілеті, қызығушылығы мамандыққа сәйкес келе тұғын болса онда ол баладан алдағы уақытта үлкен жақсы маман шығады», - дейді   профориентолог мамандар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 2025-2035 жылдар аралығында кадрларға жалпы сұраныс 2,9 млн адамды құрайды.
  • Жұмысшы мамандықтар - 812 мың адам;
  • Білім саласы - 447 мыңға жуық азамат;
  • Құрылыс және өнеркәсіп саласына 250 мың адам;
  • Денсаулық сақтау саласына 240 мың маман;
  • Ауыл шаруашылық саласына 212 мың жұмыс күші қажет.
Сондықтан осы салаларды бағдарға алған жөн.
Барлық жаңалық