Оқиға
Қатыгез қылмыс: Шымкент тұрғыны анасын өлтіріп, өртеп жіберген
Шымкент қаласының сотында 31 жастағы Дархан Жолдыбаевқа қатысты іс қарала бастады. Ол өзінің 54 жастағы анасын қатыгездікпен өлтірді деп айыпталуда. Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті алдымен анасына бірнеше рет пышақ жарақатын салып, кейін шынжырмен тұншықтырып өлтірген. Бұдан соң, ол мәйітті үй ауласындағы шұңқырда өртеп жіберген. Бұл туралы CMN.Kz порталына сілтеме жасай отырып Ozgeris.info тілшісі хабарлайды.
Бұл қылмыс 2025 жылдың 12 қаңтарында анықталған. Сол күні полицияға өрт туралы хабарлама түсіп, оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдары зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесін тапқан.
Otyrar.kz сайтының хабарлауынша, бұл қылмыстық іс айыптау актісі бойынша емес, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібімен қаралуда. Себебі, сараптама нәтижесі бойынша, күдіктінің қылмыс жасаған сәтте психикалық ауытқушылық жағдайында болғаны анықталған.
Сот-психиатриялық сараптама ер адамның шизофрениямен ауыратынын анықтады. Оның анасы мен ағасы бұрын туа біткен психикалық бұзылуларға байланысты мүгедек деп танылған. Күдіктінің өзі психикалық денсаулық мәселелері бойынша бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген, бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сот барысында прокурор Мерует Досмаханбетова күдікті Дархан Жолдыбаевтың бұл қылмысты алдын ала жоспарлағанын мәлімдеді. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол балалық шағындағы реніштеріне байланысты осындай қадамға барған. Айыптаушы тараптың мәліметінше, анасы баласына жиі ұрысып, туыстарының қарауына қалдырып отырған, бұл оның ішінде өшпенділік сезімін тудырған.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті анасының қонақ бөлмесінде ұйықтап жатқанын көріп, өз жоспарын жүзеге асыруға шешім қабылдаған. Ол пышақ алып, жүрек тұсына үш рет, арқа аймағына алты рет соққы жасаған.
Қылмыстың ізін жасыру мақсатында, 2025 жылдың 11 қаңтарында сағат 18:00 шамасында, ол үйдегі жиһаздарды өртеген. Кейіннен анасының денесін темір шынжырмен орап, алдын ала қазылған дәретхана жанындағы шұңқырға шығарып, өртеп жіберген.
[embed]https://youtu.be/iwNbaW4M8NE[/embed]
-
"Шабуыл жасады": Тұрсын Алагөзовтың экс-әйелі Баян туралы
07:07, 11 маусым 2025
-
Димаш Құдайберген түнгі Лондонда емін-еркін жүре алмады
07:00, 11 маусым 2025
-
"Ешқайсысын кіргізбейміз": Сәкен Майғазиев ұлының тойына қатысты хабар айтты
05:38, 11 маусым 2025
-
Бас прокуратура Руслан Жақсылықовқа қатысты пікір білдірді
04:38, 11 маусым 2025
-
-
Әнші Ерке Есмахан бүгінгі жетістіктеріне қалай жеткенін түсіндірді
01:00, 11 маусым 2025
-
«Қайда кетпеген 1380 теңге». Әнші Сәкен Майғазиев құдаларын қарсы алды
20:14, 10 маусым 2025
-
«Көше әскері»: Қазақстанда әскерге шақыру неге мәжбүрлеуге айналды?
17:23, 10 маусым 2025
-
LRT елге келе жатыр
13:00, 10 маусым 2025
-
"Дүниеге тоймайды": Фариза Төреәлі қайын атасына не үшін арзан көлік сыйлағанын айтты
12:13, 10 маусым 2025
-
"Жүзін елге танытты": Сәкен Майғазиевтің әйелі келіні туралы сөз қозғады (ВИДЕО)
10:16, 10 маусым 2025
-
"Дүниеге тоймайды": Фариза Төреәлі қайын атасына не үшін арзан көлік сыйлағанын айтты
12:13, 10 маусым 2025
-
"Ешқайсысын кіргізбейміз": Сәкен Майғазиев ұлының тойына қатысты хабар айтты
05:38, 11 маусым 2025
-
-
Димаш Құдайберген түнгі Лондонда емін-еркін жүре алмады
07:00, 11 маусым 2025
-
Әнші Ерке Есмахан бүгінгі жетістіктеріне қалай жеткенін түсіндірді
01:00, 11 маусым 2025
-
«Қайда кетпеген 1380 теңге». Әнші Сәкен Майғазиев құдаларын қарсы алды
20:14, 10 маусым 2025
-
«Көше әскері»: Қазақстанда әскерге шақыру неге мәжбүрлеуге айналды?
17:23, 10 маусым 2025
-
Мұхтар Құл-Мұхаммед арабтармен құда болды
08:00, 10 маусым 2025
-
"Шабуыл жасады": Тұрсын Алагөзовтың экс-әйелі Баян туралы
07:07, 11 маусым 2025
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
"Сіз деп сөйлеймін": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты
06:29, 09 маусым 2025
-
"Тіркеу басталды": Сәкен Майғазиев ұлының тойын сатып жатыр
05:13, 09 маусым 2025
-
-
"Жүзін елге танытты": Сәкен Майғазиевтің әйелі келіні туралы сөз қозғады (ВИДЕО)
10:16, 10 маусым 2025
-
Бюрократия ма, жемқорлық па: Электронды білезіктерге бөлінген миллиардтар қайда кетті?
19:07, 06 маусым 2025
-
«Әйтеуір алды-ау шашын»: Жанар Айжанова күйеубаласының шашын өз қолымен алып тастады
22:00, 08 маусым 2025
-
“Өмір – бумеранг”: Ақнәрдің анасына Қытайдағы қазақ әйелден ашық үндеу
08:38, 04 маусым 2025
-
Жаңа интернет салығы: Тариф тағы қымбаттайды ма?
18:31, 05 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025