Жаңалықтар

Бас прокуратура Руслан Жақсылықовқа қатысты пікір білдірді

Бас прокуратура Руслан Жақсылықовқа қатысты пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жөнінде тараған мәлімет туралы пікір білдірді.
 
Мәжілістің жалпы отырысының алдында журналистер Әсет Шындалиевке аталған мәлімет туралы пікір білдіруін сұраған.

- Кеше Жақсылықовтың өзі пікір білдірді емес пе? Бізде қандай да бір іс немесе басқа да шаралар жүргізілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ондай мәліметтер қолымда жоқ, - деді ол.
Еске салсақ, 8 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметінен кеткен болатын. 

 

Барлық жаңалық