✅ Пайдалы

Қателесіп түскен ақшаны қайтармауға бола ма?

Ойда-жоқта түскен ақша кез келген жанның көңіл-күйін көтеретіні рас. Әсіресе үлкен соманы көргенде көп адам қайтаруға қимай, жеке мақсатына жұмсауға асығады. Бірақ технология төрге шыққан заманда қателескен адамның сізді тауып алуы әп-сәтте. Ал қайтарып бермесеңіз не болады? Ozgeris.info тілшілері біліп көрді. Мұндай жағдайда сіз ақшаны толығымен қайтаруға міндеттісіз. Тіпті ол адам хабарласпаса да банк қосымшасы арқылы немесе банк менеджерлеріне хабарласып түскен қаржыдан бастартатыныңызды ескертіңіз. Ал егер қателескен адам сіздің үстіңізден арыз жазатын болса ҚР азаматтық кодексiнің 953-бабы, яғни, негізсіз баю бойынша сізден өндіріп алуы мүмкін.
«Заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), осы Кодекстің 960-бабында көзделген жағдайлардан басқа ретте, негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi»,- деп заңда анық көрсетілген.
Тіптен ол адам сізден заңгерге кеткен шығынын, сотқа берген БАЖ салығын қосып өндіріп алуы мүмкін. Сондықтанда мұндай жағдайда бірден ақшаны қайтарған абзал. Ал сіз не істер едіңіз?
Барлық жаңалық