Жаңалықтар

Президент брондалған дөңгелекті техника шығаратын зауытқа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада брондалған дөңгелекті техника шығаратын және жаңартатын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытын аралап көрді, деп хабарлайды "ozgeris.info" "akorda.kz"-ке сілтеме жасап.

Президентке отандық брондалған дөңгелекті машина шығару жұмыстары көрсетілді және қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорны өнімдерінің көрмесі таныстырылды.
Мемлекет басшысына компанияның жұмысы мен отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жағдайы жөнінде мәлімет берілді. Зауытты аралап шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланы дамытудың перспективті бағыттарын айқындап берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қолдау қажет екенін атап өтіп, шығаратын өнімдерді техникалық тұрғыдан заман талабына сай жаңартуға шақырды.
   

"ozgeris.info".

Барлық жаңалықтар