ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Григорий Николаевич Потаниннің қазақ ұлтына деген ерекше сүйіспеншілік бала кезінен қалыптасқан. Оның басты себептерінің бірі – қазақ жерінің топырағында өсіп, өнгені. Жастайынан ұлтымыздың мәдениетін бойына сіңіріп, қазақ халқының шынайы мінезін білген. Потаниннің есімі өзіміздің Шоқан Уалихановпен тығыз байланысты. Екеуі тек әріптес емес, нағыз шынайы дос болатын. Бірге жүздесіп, талай зерттеулерді талқылайтын, жоспар құратын. Кейін Шоқан дүниеден озған соң Григорий Потанин оның талай баға жетпес еңбектерін жариялаған. Осылайша шоқантану ғылымына зор үлесін қосты. Екі ұлы зерттеушінің достығын қазіргі ұрпаққа таптырмас үлгі ретінде көрсетуге болады. Аталмыш тұлға талай қазақ ойшылымен, ұлт элиталсымен де араласып, көптеген ел мәселесін талқыға салатын. Мысалы, ұлт көшбасшылары Мұса Шорманов, Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейханов сынды тұлғаларымен сөйлескен. Сонымен қатар Потанин Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов сынды жазушылармыздың туындыларымен таныс болған.1864 жылы жазған «Шығыс Тарбағатай бойындағы жазғы саяхат» жұмысында: «Қазақ ұлты өмірді сүйіп, өлуден қорқады. Олардың өмірге деген құлай сүйіспеншілігін тағамның сінімділігі, қалыпты ауа-райы, өзара ерекше мейірімге толы қарым-қатынасы қалыптастырды. Ал өліммен бетпе-бет келгенде, батырлықпен өмірден өтеді»,– деген екен.
КӨШЕ ТҰРҒЫНДАРЫ НЕ ДЕЙДІ?
Порталымыздың тілшісі қала тұрғындарынан Потанин туралы не білетіндерін сұрастырып көрді. Өкінішке қарай, көпшілік тұрып жатқан көшелеріндегі есімнің кімге, неге берілгендігі туралы білмейді екен. Бұл жағдай біраз қынжылтатыны рас. Кейбірі, тіпті, «Орыс ұлтының тұлғасына неге көше атауы беріледі?» деп сұрақ тастады. Бұл тастай қалыптасып қалған стериотіптің белгісі. Еліміздің азаматтары осындай дара, заман талабына қарамастан, қазақ құқығын қорғаған ұлы орыс тұлғаларын білуі керек.Гүлжанат АМАНГЕЛДІ