Павлодарда екі адам суға батып кетті

Көл
Фото: depositphotos.com

Екіншісін іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Ozgeris.Info ақпарат порталы.

Павлодар облысында соңғы үш күнде өзен-көлдерде шомылып жүрген 32 және 38 жастағы екі ер адам суға кетті.

Екеуі де арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.

«Қайғылы оқиғаның бірі 21 маусым күні Железин ауданы Башмачное ауылы маңындағы Ертіс өзенінде, екіншісі 22 маусым күні Қ.Сәтбаев атындағы каналда, Шідерті кентіне жақын жерде болған. Каналға батып кеткен азаматтың мүрдесі табылды, екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», -деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.