Баспаналы болу бар қазақтың арманы. Алайда алаяқтар қаптаған қоғамда пәтер сатып аларда абай болған дұрыс. Үй сатып аларда нені білу керек? Ақшаны қашан толық аударған абзал? Қандай құжатқа қол қою керек? Нотариусқа бару қажет пе? Сатып алу-сату шарты қалай жасалады?
Ozgeris.info тілшілері зерттеп көрді.
Келіссөзді нені ескеру керек?
Сатушының құжаттары мен пәтердің құжатын егжей-тегжейлі тексеріп, нақты бір сомаға келіскен соң депозит беруге, мәміле жасау күндерін белгілеуге, пәтерді босатуды сұрауға болады. Бұл кезде сатушымен келісімнің барлық шарттарын талқылау маңызды:
- пәтер алатын нақты соманы айтыңыз, келісіңіз;
- депозитті қалдыру қажеттілігін сұраңыз. Оның да нақты ақшасын білу керек;
- толық төлем жасайтын күнді белгілеңіз. Қай банк арқылы аударым жасайтыныңызды шешіңіз;
- сатып алу-сату шартын қайда жасайтыныңызды ескертіңіз (нотариуста немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында);
- пәтерді босату керек уақыт аралығын айтыңыз.
Депозитті не үшін беру керек?
Негізі депозитті беру міндетті емес. Бұл тек келісімнің күшін ұстап тұратын дүние ретінде қаралады. Сатып алушы сатушығы болашақ төлемнің кішкентай сомасын аударады. Ол 50-500 мыңның арасында. Нақтыласақ, пәтер бағасының 10 пайызынан аспауы уәжік. Нақты бір келісімге тоқталғанша ақша аударудан абай болыңыз. Және депозитке берген қаржыны нотариуспен куәландыра аласыз.
Егер мәміле сатып алушының кесірінен бұзылса, депозит сатушыда қалады. Егер сатушы өз ойын өзгертсе,
ол екі есе соманы қайтарады. Нәтижесінде:
- Сатушы депозит алады және мүлікті басқа сатып алушыларға сатудан алып тастайды.
- Сатып алушы мен сатушы келісімнің бір данасын сақтайды.
Сату және сатып алу үшін қандай құжаттар қажет?
Мәмілеге келген кезде барлық меншік иелері қатысуы керек. Ең бастысы екі жақтың да жеке басын куәландыратын құжаттардың мерзімі аяқталмауы тиіс. Егер сатушы немесе сатып алушы некеде болса, онда мәміле үшін ерлі-зайыптылардың келісімі қажет болады.
Келісімді нотариус немесе eNotary қызметі арқылы онлайн бере алады. Құны 1,5 АЕК немесе 5 898 теңге (2025 жылы АЕК 3 932 теңге).
Сатып алу-сату шартын жасаудың екі нұсқасы бар:
Нотариуста:
Бұл құжатты жасау үшін 12 АЕК, немесе 47 184 теңге төлейсіз. Қос тараптың арасынла туыстық қатынас болмаса сатып алушы жеңілдік сұрай алмайды. Ал пәтер ипотекаға берілмейді. Нотариус келісімді өзі жасайды және барлық деректерді тексереді. Нотариустың қызметтері келісім бойынша төленеді. Екіге бөліп немесе барлығын сатып алушы тарап барлық шығынды көтереді.
Халыққа қызмет көрсету орталығында өз бетімен:
ХҚО-на 1202 теңге төлейсіз. Бірақ табаныңнан таусылуға тура келеді. Келісім-шартты екі данадан шығарып, көшірмесін жасап, қол қойып орталыққа барыңыз.
Орталықта олар қойылған қолдардың шынайылығын тексеріп, арнайы белгі мен қызметкердің қолын қояды. Осыдан кейін құжат жарамды болып саналады. Бірақ бұл сіз үйдің иесі болдыңыз деген сөз емес. Сатып алушы өзінің көшірмесін әділет органдарына тіркеуге береді.
Тіркеу кезінде нені ескеру керек?
Бұл кезең сатып алушы үшін өте маңызды. Меншік құқығын тіркегеннен кейін ғана мәміле аяқталды деп санауға болады.
Нотариус өтінішті enis.kz (арнайы деректер базасы) арқылы береді. Сатып алушы әрқашан мемлекеттік баж салығын төлейді. Ол 1304 теңге. Тіркелу 3 күнді алады. Экспресс қызметі бар - 2 сағатта. Ол шамамен 5000 теңге тұрады.
Сатып алу-сату шартын eGov.kz порталы арқылы (электрондық цифрлық қолтаңба қажет) немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында өзіңіз тіркей аласыз. Растау үшін жеке кабинеттегі жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеу туралы хабарламаға көз жеткізіңіз.
Есептесу
Төлемді сатып алу-сату шартына қол қою кезінде тікелей нотариалдық кеңседе жүзеге асырыңыз. Ал егер операция қолма-қол ақшамен жасалса, онда банкноттардың түпнұсқалығын тексеруген абзал. Немесе сатушының банктік шотына ақша түскеніне нотариус куә бола алады. Осылайша сіз пәтердің толық иесі атанасыз.
Төлем нотариуссыз жүргізілсе, ақшаны куәгерлердің қатысуымен аударыңыз немесе аударым жайлы түбіртекті сақтауды ұмытпаңыз. Сатушы пәтер ақшасын алғанын сөзбен көрсетуі керек.