Париж-2024: Қазақстандық гимнаст Олимпиаданык күміс жүлдегері атанды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуының ақтық кезеңінде 15,433 ұпай жинап, екінші орын алды. Алтын жүлдені ирландиялық Рис МакЛенаган (15,533) жеңіп алса, қола медальді америкалық Стивен Недорошик (15,300) еншіледі. Осылайша, Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

Айта кетейік, бұл – Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль. Осыған дейін нысана көздеуден Александра Ле мен Ислам Сәтбаев аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде еншілеген еді. Ал дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығалаған болатын.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны